- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы автобус апаты:...
Алматыдағы автобус апаты: куәгер жанжалдың неден туындағанын айтты
Алматыда үш адамның өмірі қиылған автобус апатына қатысты сотта айыпталушы жауап берді. Оның айтуынша, 33 жастағы күдікті жүргізушіні қасақана соққыға жықпаған, оның дөрекі сөздерінен кейін өзін ұстай алмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk арнасына сілтеме жасап.
Сотталушының қорғаушысы рөлде отырған Ермек Шөкебаеваның сол сәтте шын мәнінде есінен танбауы мүмкін деген болжам келтірді. Жәбірленуші тарап кінәлілерден 20 млн теңге моралдық шығынды талап етті. Бұған дейінгі қойылған сұрақтарға тек "иә", "жоқ" деп жауап беріп отырған айыпталушы бүгінгі отырыста ерекше белсенді. Ойын ашық айтып, қорғаушысы екеуі біраз мәлімдеме жасады.
"Сіз дұрыс емес жіберіп жатырсыз, маған беріңіз, өзім қайтадан жіберейін, дедім, бұл кісі "маған үйретпе, мен сенен жақсы білем, сен сияқты малдарды точно білемін, есімде" деді. "Қойсаңызшы" деп едім, "қоймасам, не істеп аласың, қолыңнан бірдеме келе ме, шамаң жетпейді ғой, өзің таяқ жеп қаласың" деді, сол кезде мен шыдамай ұрып жібердім", - деді айыпталушы Дархан Ахметжанов.
Соққыдан кейін әйел өтірік есінен тануы мүмкін. Қорғаушы Әлім Мұстапаев сотта осындай болжам жасады.
"Алайда жәабірленуші Шөкебаеваның бұл әрекеттерін "симуляция" яғни жалған жасау деп санауға болады. Өйткені әдетте есінен тану белгісі болып, денесінің барлық бұлшық етін әлсіреуіне және де қандай да бір оқиғадан кейін адамның бір мезгілден құлауына алып келеді. Сондықтан жәбірленуші Шөкебаева естен тануынан болған әрекетін "симуляция", яғни жауапкершіліктен жалтару мақсатында өтірік іс әрекеті деп санаймыз", - деді айыпталушының қорғаушысы Әлім Мұстапаев.
Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК екі бірдей бабымен іс қозғалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы