Алматының Алатау ауданында Наурыз мерекесін атап өтуге және 22 наурызда "Алматы Арена" спорт кешенінде өтетін Tynda Music симфониялық концертіне дайындық жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осыған байланысты көлік қозғалысы мен автотұрақтарды ұйымдастыруға уақытша өзгерістер енгізіледі.
19 наурызда сағат 00:00-ден 24 наурыз сағат 00:00-ге дейін Универсиада көшесінің Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қосымша автотұрақтар ұйымдастырылды:
"Қалалық әкімдік тұрғындарды алдын ала бағыттарын жоспарлауға, уақытша шектеулерді ескеруге және мереке күндері қозғалысты жеңілдету үшін ұсынылған автотұрақтарды пайдалануға шақырады", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!