Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік жүргізушілерінің төбелескен видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік жүргізушілерінің төбелескен видеосы тарап жатыр

"Үшеуі мас күйінде көлік жүргізіп, жолымызды кесті, тоқтатты, күйеуіме шабуыл жасады, Бостандық ауданының ПБ-на арыз жаздық, бірақ біреуіне ғана жазған арызды қабылдады, бір-бірімен "төбелескен" болып тұр, екіншісінде (бұрын сотталған болып шықты) тапанша болған. Өз құқығымызды қорғай алмай жатырмыз, учаскелік полицей "дәлел көрсетіңдер" деді! Менің көз алдымда ұрып-соғып, телефонымды күштеп тартып алса, қалай видеоға түсіреміз?!", - деп жазған видео авторы.

Алматы полиция департаменті полицияға бұл туралы хабарлама 8 мамыр күні 03:30-да келіп түскенін хабарлады.

"Тойота Альфард" маркалы автокөлігін жол-патрульдік полиция қызметкерлері ұстаған.

"Жол бойында екі көлік жүргізушілерінің арасында жанжал болғаны белгілі болды. Біреуі ойыншық тапаншаны көрсеткен. Оқиғаға қатысушылардың екеуі де арыз жазды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!