Әлеуметтік желілерде 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған тағы бір апаттың фотосуреттері пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Kia маркалы автокөліктің жүргізушісі 1992 жылы туған Д.есімді азамат, Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, кедергіге соқтығысқан.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болды.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!