Алматыда MEGA Alma-Ata СОСО келушілері эвакуацияланды, ғимаратқа өрт сөндіру машиналары бет алды. Жағдайға қатысты сауда-ойын-сауық орталығының әкімшілігі мен қалалық ТЖД пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Розыбакиев көшесіндегі Mega келушілерін эвакуацияланып жатқаны және өрт сөндіру машиналары түсірілген кадрлар пайда болды.
Сауда орталығының ішінде түсірілген кейбір видеоларда адамдардан ғимараттан шығуды сұрап жатқаны естіледі.
СОСО әкімшілігінің хабарлауынша, орталықта өрт дабылы іске қосылған.
"Жағдай бақылауда, барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. СОСО жұмысын жалғастырып жатыр. Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз", - делінген таратылған хабарламада.
Қалалық ТЖД өрт ошағы анықталмағанын айтты.
"Өрт ошағы анықталмады. Автомат өрт дабылының не себепті іске қосылғанын мамандар анықтап жатыр", - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz