Алматыда LRT және BRT ескере отырып, қоғамдық көлікте екіншісіне ауысып отыру тегін болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда көлік құрылымын дамыту жөніндегі шеберлік-жоспарды бекіту 2023 жылғы желтоқсанға жоспарланған. Бұл оқиға базалық инфрақұрылымды қалыптастырудың бастапқы нүктесі болады. Бұл туралы Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында айтқан.
"Бірінші кезеңде 2024 жылы Райымбек даңғылындағы BRT пилоттық дәлізінің құрылысы басталады және екінші көлікке тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізіледі", - деп атап өтті Алматы әкімі.
Екінші кезең барысында, 2025-2026 жылдары LRT көлік дәліздерінің саны 10-ға дейін ұлғаяды және ұзындығы 26 шақырым болатын бірінші LRT желісін іске қосады. Ол желі батыс жақтан қала орталығына барады. Алматы-1 және Алматы-2 станциялары жерүсті метрополитенін қосады.
Көлік желісін дамыту трафикті тиімді басқаруға арналған құралдардың болуын болжайды. 2025 жылы қалалық магистральдар, қоғамдық көлік және "ақылды" бағдаршамдар біріктірілетін зияткерлік жүйені іске қосу жоспарланып отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!