Алматыдағы Esentai mall сауда орталығының иесі ғимараттың бір бөлігі сатылатыны туралы қауесеттерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін БАҚ-та Esentai Mall жыл басында сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат пайда болды. Құны 22 миллиард теңгеге бағаланған. Хабарландыру иесінің жалпы ауданы 22 мың шаршы метр болатын кеңселер, дүкендер, бутиктер, қоймалар, автокөлік қызметтері, көлік жуу, қоғамдық тамақтандыру және сұлулық салондары орнын сатып алуды ұсынғаны айтылған. Сонымен қатар, сауда орталығының жалпы жалға берілетін ауданы 49 мың шаршы метр болатыны айтылған.
Осыған байланысты редакция пікір алу үшін Esentai Mall сауда орталығына иелік ететін "Си Пи Ритэил Алматы" компаниясына жүгінді. Кейін олар нысанның сатылатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
"ЖШС "Си Пи Ритэил Алматы" компаниясына" тиесілі Esentai Mall сауда орталығын немесе оның үлесін саудаға шығарған жоқ. Серіктестік Esentai Mall сауда орталығын немесе оның акцияларын сату мәселесін қарастырмайды және ондай ниеті де жоқ", - деп түсіндірді компания.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!