Алматыда Esentai City тұрғын үй кешені аумағында болған оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі мәліметінше, 22 қазанда Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылған, артынша өрт шықпаған.
"Алдын ала мәлімет бойынша бұған табиғи газ кетуі себеп болуы мүмкін. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған екі бала жеңіл жарақат алды", - деп жазылған хабарламада.
Олар медициналық тексерістен өтіп, көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.
Қазір жауапты қызметтер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін куәгерлер Алматыда Esentai City-де жарылыс болғанын айтты. Оқырмандар оқиға орнынан видео жолдаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!