Алматыдағы BRT құрылысы: қай көшелерде жұмыстар жүріп жатыр?

Алматыдағы BRT құрылысы: қай көшелерде жұмыстар жүріп жатыр?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Алматыда Райымбек батыр даңғылы бойында көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұмыстар мына учаскелерді қамтиды:

  • Райымбек даңғылы, 348/1-ден 451А-ға дейін (Әуезов ауданы)
  • Розыбакиев көшесінің көпірінен Брюсов көшесіне дейін (аллея мен солтүстік жағы)
  • Розыбакиев көпірінен Тұрғыт Озал көшесіне дейін, Брусиловскийден Тілендиевке дейін
  • Байзақов көшесінен Галилейге дейін
  • Райымбек даңғылы, 193-тен Төретай көшесіне дейін (солтүстік жағы)
  • Райымбек даңғылы, 172-ден 174/2-ге дейін (оңтүстік жағы)
  • Панфилов көшесінен Абылай ханға және Чайковскийден Желтоқсан көшесіне дейін

Не істеледі?

  • Ескі асфальт жабындысы алынады;
  • Тротуар плиткалары мен жиектастар орнатылады;
  • Демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер жолы мен веложолақтар салынады;
  • Аумақтар көгалдандырылады.

"Жұмыстың мақсаты – барлық тұрғынға қолжетімді, заманауи және жайлы қоғамдық кеңістіктер жасау, жаяу жүргіншілерге басымдық беру. Уақытша шектеулер болуы мүмкін, сондықтан бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget