• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыдағы Almaty Arena мұз сарайынан өрт шықты

Фото: Видео кадры

Алматыда Алатау ауданындағы "Алматы Арена" мұз сарайы өртке оранды. Өртсөндірушілер өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"25 қаңтарда сағат 15:15-те Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы, Нұркент ықшамауданы, 7-ғимарат мекенжайы бойынша шақыртуға барды. Қызметкерлер жеткенде "Алматы Арена" көпфункционалды кешенінің кіші залының бірінші қабатында 40 шаршы метр төсеніште өрт шыққаны анықталды", - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі. 

Өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер ғимараттан өз бетінше шығып кеткені айтылды.

"Өртті барлау және сөндіру барысында газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері төрт баланы аман алып қалды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, тексеріліп жатыр. Сағат 15:46-да өрт іргелес бөлмелерге таралуына жол бермей, ауыздықталды. Өрт 15:52-де сөндірілді", - деп түсіндірді ТЖД.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Литпин
Logotype Massaget