- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ипподром туралы
Алматыдағы 90 жылдық тарихы бар ипподромның болашағы не болмақ?

Алматы ипподромының иелері наурыздың аяғына дейін даму бағдарламасын ұсынуға тиіс. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, былтырдан бері ипподром иелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олар наурыздың аяғына дейін даму бағдарламасын ұсынуы керек, бұл ең алдымен қаржыны қажет етеді. Дегенмен Ерболат Досаев ипподромның бағыты өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді.
"Егер меншік иелері жаңарту жұмыстарын жүргізбесе, жаңа инвестор іздейміз немесе бұл міндетті қала өз мойнына алуы мүмкін, бірақ бұл - өте қымбат жоба. Жазға дейін Алматы ипподромының болашағы қалай болатынын анықтауға тырымыз", - деді Ерболат Досаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласындағы тоқсан жылдық тарихы бар ипподромның тағдыры қыл үстінде тұрғаны хабарланды. Жері жекеменшікке тиесілі ат жарыс алаңы сүрілуі мүмкін болып шықты.
Аумақ иесі "ипподром халықаралық стандартқа сай келмейді, нысанның әбден тозығы жеткен" деген желеуді алға тартқан. Алайда мұнымен атбегілер келіспеді.
Бұл мәселеге Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев бұған дейін де пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова