Алматыда іздеуде жүрген шетелдік ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Францияның құқық қорғау органдары ер адамға іздеу салған.
32 жастағы К.есімді ер адам аса ірі көлемдегі алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және ақшаны жымқыру бойынша айыпталып отыр. Оны Алматының көші-қон қызметі, сондай-ақ, криминалдық полиция қызметкерлері ұстады.
Ұсталған адам ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!