- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда заңсыз салынып...
Алматыда заңсыз салынып жатқан үш тұрғын үй кешені анықталды
Алматыда заңсыз салынып жатқан үш тұрғын үй кешені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, мына тұрғын үй кешендерінің құрылысқа арналған құжаттары толық емес:
ORDA CITY тұрғын үй кешені
Теректі шағынауданы, Айналмалы көшесі, 183-учаске
Тапсырыс беруші: Investment Stroy ЖШС.
"Жобалау алдындағы құжаттама және құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы хабарлама, учаскенің нысаналы мақсаты жоқ. Басқарма мердігерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 316-бабы, 1,321-бөлігі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұруға нұсқау беріп, шаралар қабылдады, сондай-ақ, Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шұңқырды бұзу және қайта толтыру туралы арыз берді", - делінген әкімдік хабарламасында.
Dostar Deluxe тұрғын үй кешені
Мәдениет шағынауданы, 185/8
Тапсырыс беруші: "Ашинов" ЖК.
"Сұлба жобасын келісу, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы хабарлама жоқ. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 316-бабы, 1,321-бөлігі бойынша шаралар қабылданды", - делінген хабарламада.
Verona тұрғын үй кешені
Ремизовка шағынауданы, 7-тұйық көше, 71-учаске
Тапсырыс беруші: 5 жеке тұлға.
"Жобалау алдындағы құжаттама және құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы хабарлама жоқ", - деді әкімдік өкілдері.
Алматылықтарға жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құжаттарын Қала құрылысын бақылау басқармасына хабарласып, тексеруді ұсынамыз: +7 (727) 229-81-36.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова