Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

Фото: Видео кадры

Еременсай шағынауданында құрылысы рұқсатсыз басталған тұрғын үй кешені сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы құрылыс бақылау департаменті "Монблан" тұрғын үй кешені Еременсай шағынауданындағы 8-ші учаскеде орналасқанын, оның құрылысы сот шешімімен заңсыз деп танылғанын айтты. 

Учаскеге жоспардан тыс тексеріс барысында MGM Development ЖШС құрылысты сәулет-жоспарлау тапсырмасынсыз, алдын ала жобаны бекітусіз, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз, мемлекеттік сараптамасыз, сәулет-техникалық қадағалаусыз бастағаны анықталды.

2022 жылғы желтоқсанда тапсырыс берушіге бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. 2023 жылғы 25 сәуірінде Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бұзу туралы талап-арыз жіберілді.

Бүгін Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басынан бері Алматыда 49 заңсыз нысан толығымен немесе ішінара сүрілген, оның ішінде "Арман", ХАН, "Алма бақ" және т.б.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек