- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда заңсыз салынған...
Алматыда заңсыз салынған таунхаус бұзылды
Алматыда заңсыз таунхаусты бұзуға кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы "Шұғыла" шағын ауданындағы Жүнісов көшесі, 135/20 учаскесінде орналасқан нысанның бұзылғаны туралы хабарлайды.
Тұрғындардың өтініші негізінде меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында таунхаустың рұқсат беру құжаттарының толық пакетінсіз, шаруашылық тәсілмен тұрғызылғаны анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарым беру арқылы әкімшілік шаралар қабылданды, оны меншік иесі өз кезегінде орындамады. Басқарма Наурызбай аудандық сотына нысанды бұзуға талап арыз берді. 2024 жылғы 2 ақпанда басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 41 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", "KHAN", "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина