Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде Абылай хан даңғылы, 64 мекен жайындағы ғимаратқа қосымша салынған нысан заңсыз тұрғызылғаны анықталған.
Алматы әкімдігі
"25 мамырда нысан иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Соттың 3 маусымдағы шешімімен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды және нысанды мәжбүрлі түрде бұзуға міндеттелді", - деді әкімдік өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қаланың қақ ортасындағы дәмхана сүрілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова