Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарасай батыр көшесі мен Жұмалиев көшесінің қиылысы, 126/135 мекенжайында өз бетінше салынған қосымша нысан сот шешімі бойынша сүрілді.
"Тұрғындардың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында жеке тұлға рұқсат құжаттары жоқ екеніне қарамастан қосалқы және кіреберіс құрылыс жұмыстарын жүргізгені анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Ол Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл арқалады", - деп жазылған хабарламада.
Сот шешімін орындау барысында нысанды меншік иесінің өзі бұзған.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еске салайық, бұған дейін Алматыда салынып бітпеген ірі нысан сүрілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова