Алматыда заңсыз салынған нысан сүрілді

Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орны сүрілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, нысан Алғабас шағынауданында, Ф.Оңғарсынова көшесі, 80/1 мекенжайында орналасқан.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеріс аясында нысан иесіне әкімшілік шара қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқау берілген. Алайда ол орындалмаған.

Осыдан кейін материалдар Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

"Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен нысан иесі кінәлі деп танылып, құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша нысан иесі оны өз еркімен бұзған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!