Алматыда заңсыз салынған кезекті көлік жуатын нысан бұзылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрын бұл нысады Қалқаман ш/а-да, Төле би көшесі (Машана), 308/54 үй, рұқсат құжаттары болмаса да меншік иесі (жеке тұлға) тұрғызған.
Басқарма Әуезов аудандық сотына нысанды бұзу жөнінде талап арыз берді. 2024 жылғы 11 қаңтарда Әуезов аудандық сотының ұйғарымымен талап қанағаттандырылды.
2024 жылғы 24 сәуір Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.
Нысанды бұзу Әділет департаменті сот орындаушыларының көмегімен басталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!