Алматыда заңсыз салынған базар сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот шешімімен Рысқұлов даңғылы, 420 мекенжайында орналасқан "Үміт" базары сүріліп жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.
Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне тиісті құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.
2025 жылы 22 шілдеде басқарма бұл нысанды сүру туралы талап-арызды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдады. 2025 жылы 27 тамызда сот басқарманың талабын қанағаттандырды.
Сот шешімін орындау аясында меншік иесі ғимаратты өз еркімен бұзуды бастады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз