- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда заңсыз жүрген...
Алматыда заңсыз жүрген Нигерия мен Бразилия азаматтары ұсталды
Нигерия мен Бразилия азаматтары елде заңсыз жүргені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Нигерияның 12 азаматы Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген. Полицейлер оларды қаладағы хостелдерден тапты.
"ҚР-ның көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейдтер құқық бұзудың алдын алуға және заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған. Бір апта ішінде басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 104 шетел азаматы құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-таратуға орналастырылды. Тағы 22 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар, 54 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Бразилияның 2 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан фирмалардың бірінің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан