Алматы прокурорлары заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала прокуратурасы жүргізген тексеру шеңберінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды.
"Шетел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне, жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған. 5 маусымда Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды", - деп жазылған хабарламада.
Кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ведомство мәліметінше, әдетте заңсыз көші-қонды ұйымдастыру жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз