Алматыда заңсыз жүрген бірнеше елдің азаматтары анықталды

Алматыда заңсыз жүрген бірнеше елдің азаматтары анықталды
Фото: gov.kz

Алматы прокурорлары заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала прокуратурасы жүргізген тексеру шеңберінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды.

"Шетел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне, жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған. 5 маусымда Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ведомство мәліметінше, әдетте заңсыз көші-қонды ұйымдастыру жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова