- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда заңсыз жұмыс...
Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды
Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық көші-қон қызметі көршілес елдердің азаматтары курьерлік қызмет көрсетумен айналысып жүргенін анықтады.
"Алматы қаласы Бостандық ауданында көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, елімізде жүрген жеті шетелдік ұсталды. Оның үстіне олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, олар қабылдап-таратуға орналастырылды. Одан әрі сот шешімімен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, туған еліне жер аударылады.
Бұған дейін де бірнеше рет айтқанымыздай, Алматы – Қазақстанның ірі шаһары. Қаржы және мәдени орталығы ретінде шетел азаматтары мұнде жиі келеді. Дегенмен, біздің елге келу және мұнда болу талаптарын бұзбауға шақырамын", – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина