Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды

Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасы заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматын анықтады.

Шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдағаны анықталған. Көші-қон режимін бұзушылардың барлығы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылған.

Қазір полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған жұмыс берушілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"Біздің басты міндетіміз - заң талаптары сақталуын қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін пайдалану заңды бұзып қана қоймай, қауіп төндіреді. Рейд тұрақты түрде жалғасады", - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!