- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда заңсыз жұмыс...
Алматыда заңсыз жұмыс істеген 4 шетелдік ұсталды
Алматыда заңсыз жұмыс істеген 4 нигериялық ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, Алматының Бостандық ауданы Қазақфильм ықшамауданындағы корпустардың бірінен Нигерияның 4 азаматы анықталды. Олар еңбек қызметін заңсыз жүргізіп, жұмысшы болып жұмыс істеген. Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады және елден шығарылады.
Еске салайық, бүгінде Алматыда жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қон деректерінің жолын кесуге және басқа да заңсыз әрекеттерді анықтауға бағытталған "Участок" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек