Алматыда заңсыз граффитиге бақылау күшейтілді

Алматыда заңсыз граффитиге бақылау күшейтілді
Фото: Видео кадры

Алматыда заңсыз граффитиге бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаланың Полиция департаменті мәліметінше, кейінгі тәулікте осындай үш дерек анықталған. Өжет шағынауданында тұрғын үйдің қоршауына аэрозоль бояуымен өз атын жазған адам анықталған.

Ол жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Өзгенің мүлкіне жазылған кішкентай жазудың өзі жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Граффитимен айналысқысы келетіндер оны тек арнайы рұқсат етілген орындарда жасауы керек", - деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget