• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда заңсыз 290 сауда нысаны сүрілді

Алматыда заңсыз 290 сауда нысаны сүрілді
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда мониторинг барысында 500-ге жуық заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 ақпаннан бастап көшедегі сауда нысандары сүріліп жатыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан 290 нысан бұзылған. Қалған 210 нысан бойынша жұмыс 15 наурызға дейін аяқталады. 

Әкімдік мәліметінше, осы жұмыс аясында 222 ойын-сауық аппараты (силомерлер) жойылған. Бұған қоса жер учаскелеріне мықтап бекітілген 32 күрделі құрылыс анықталыпты. Жұмыс тобы оларды мәжбүрлі түрде бұзу мақсатында сотқа талап-арыз жіберуге бастама жасаған.

Суреттер: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылықтар бұл жұмысқа оң баға беріп отыр. Әуезов ауданының тұрғыны Айгүл Күлжаханова осы мәселе ауданда төрт жылдан бері өзекті екенін айтады.

"Алғашында Фуркат көшесінде екі дүңгіршек пайда болды, кейін тағы екеуі орнатылды. Біріншіден, олар жақында салынған воркаут аймақты, скейт және балалар алаңын жауып тастады. Екіншіден, санитарлық жағдайы өте нашар: ыдысты дүңгіршектің артында қарапайым легенде жуатын, ал күндіз жанында орамалар, пакеттер мен тамақ қалдықтары шашылып жататын. Екі рет e-Otinish арқылы билікке хат жазып, тәртіп орнатуды сұрадым", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда үш қабатты ғимарат сүрілді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget