- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда заңгер әйелді...
Алматыда заңгер әйелді өлтірген күдікті ұсталды
Алматыда заңгер әйелді өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pilisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.
Еске салайық, оқиға 8 қазанда сағат 23.00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болған. Көптеген пышақ жарақатымен қаладағы жақын жердегі ауруханаға жеткізілген 1980 жылы туған А. есімді әйел 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болған. Кейін марқұмның күйеуіне іздеу жарияланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Құлтай