Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды

Алматыда танымал заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде заңгер ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Алматы Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Әділетхан Молдахан - азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Instagram парақшасына миллионнан аса оқырман жазылған.

Еске салайық, бұған дейін заңгер әлеуметтік желіде видео жариялап, Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатына (салдарынан үш адам қаза тапқан) құқық қорғау органы қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Кейінірек Алматы Полиция департаментінің бастығы қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз