Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Осы жұмыс аясында Алматы прокуратурасы 2017 жылы "832 авторемонтный завод КИ" АҚ-ның жалғыз акционері активтердің құнын 310 миллион теңгеге төмендетіп, оны заңды тұлғаға сатқанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы факті бойынша Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27 мамыдағы шешімімен мәмілені жарамсыз деп тану туралы прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды.
Прокуратура шаралары бойынша 2,5 мың м2 және 1,87 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!