Алматыда құрылыс компаниясы заң бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мердігер қала аумағындағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Соның ішінде №112 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына қосалқы ғимарат салу және Әуезов ауданындағы абаттандыру жобалары бар.
"Барлық нысанда жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде жоба шешімдерінен ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік талаптарды сақтамау деректері анықталды", - деді Алматы әкімдігі өкілдері.
Тексеріс қорытындысы бойынша "СК 7 Строй" ЖШС-ға әкімшілік шаралар қолданылып, ол құрылыс жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін де Алматыда бір мердігер лицензиясынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз