Алматыда із-түзсіз жоғалған екі ер адам өлі табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалған екі ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1985 жылы туған Мұрат Кенжетайұлы Байтуов 17 қарашада жоғалып кеткен. Ол сол күні таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласында орналасқан "Ветеран-10" саяжай бірлестігінің Набережная көшесіндегі 77-үйден шығып, қайтып оралмаған.

Араға төрт күн салып, 21 қарашада ер адамның мәйіті табылды. Оның неден қайтыс болғаны тергеу барысында анықталады.

Ал 1971 жылы туған Қалдыбай Сейсекұлы Берінбетов 2025 жылғы 8 қарашада жоғалып кеткен. Ол сол күні сағат 10:00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы Өскемен көшесі, 7-үйден шығып, хабарсыз кеткен.

Еріктілердің мәліметінше, бір жылдан аса уақыт іздеуде болған ер адамның мәйіті биыл 20 қарашада табылған.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз