Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Яссауи көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"12 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 10:00-ге дейін Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады. Жол жүру бағытын жоспарлауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!