- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда вирус жұқтырғандардың...
Алматыда вирус жұқтырғандардың бірінің жағдайы нашарлады
Фото:
yandex.kz
Алматы қаласының ауруханасында жатқан коронавирус жұқтырғандардың бірінің жағдайы нашарлап кетті. Мұны Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Бұған дейін ауруханаға түскендердің жағдайы қалыпты болатын. Алайда, бүгін 19 наурыз күні, науқастардың бірінің жағдайы күрт нашарлап кеткен.
- Қазір қалалық инфекциялық ауруханада 16 науқас жатыр. Балалар ауруханасында екі бала мен бір ана бар. Олар арасында өкпесінде созылмалы ауруы бар біреуінің жағдайы ауыр. Қалғандары қалыпты, - дейді бас дәрігер.
Айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режімі енгізілді. Соған байланысты енді екі қалаға тұрғындардың кіріп-шығуы толық тоқтатылады.
Қ. Слямбек