Алматыда велосипед айдап бара жатқан адамның жағдайы нашарлап, жолда қаза тапқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желіде велосипед мінген адамның жағдайы нашарлап, жолда жазатайым қаза тапқаны туралы жазба жарияланған.
Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының мәліметінше, бұл дерек ресми түрде тіркелген. Ер адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам велосипед теуіп келе жатып, өзін нашар сезінген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!