Алматыда валюта айырбастау орындары жұмыс істеп тұрған жоқ

Алматыда валюта айырбастау орындары жұмыс істеп тұрған жоқ
Фото: tn.kz

Алматыда көптеген валюта айырбастау орындары жабылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалада бір ғана жерде жұмыс қызу жүрді. Адамдар теңге ауыстыру үшін кезекте тұрған. Алайда бұл орында доллар мен евро жоқ болып, адамдар рубль сатып алып жатыр. Кейін бұл пункт те жабылып қалды.

Айырбас орындарына келгендер ескі курс бойынша доллар сатып алғысы келгенін, бірақ америкалық валютаның еш жерде жоқ екенін айтты. Көбісі кеше доллар бағамы 195-197 болып тұрғанда ауыстырмағанына өкініп жатыр.

"Валютаның түсуіне байланысты мен теңгемді сатып, доллар сатып алғым келген. Басқа айырбас пункттеріне де кірдім, барлығы жабық. Жұмыстарын қайта реттеп жатыр-ау. Кеше ауыстырып алу керек еді. Бірақ ешкім күтпеді ғой. Ресейдегідей болады деп ешкім ойлаған жоқ", - деді алматылық Михаил Акулов. 

 Бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-ayyirbas-punktter-jumyis-step-turgan-jok-264304/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
М. Бисембаева