- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ұзындығы 100...
Алматыда ұзындығы 100 метр штрудель әзірленді
Дүниежүзілік аспаз мерекесі мен халықаралық алма күніне орай Алматыда өткен іс-шарада ұйымдастырушылар алмадан жасалған түрлі дәм ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Аспаздардың алуан түрлі қиялынан туған тағамдардан бөлек, демалушыларға шығармашылық бұйым ұсынылды. Келушілер ұлттық нақыштағы киім мен киізден жасалған әртүрлі туындыны тамашалады.
"Ұзындығы 100 метрдей штрудель әзірледік. Алмадан түрлі тағам жасадық", – деді бас аспаз Алмас Осипов.
Фестивальде қонақтар 15 түрлі тағамның, оның ішінде қазақтың сүйікті тағамдарының да дәмін татты. Ал кішкентай қонақтар үшін аспаздар тәтті тоқаштар мен нандар жасап берді. Іс-шараға эстрада жұлдыздары да қатысып, мерекелік жиынның көркін қыздырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы