22 маусымда Республика сарайының алдында Абай атындағы алаңда "Алтын белгі" төсбелгісімен 5-сыныптан 11-сыныпқа дейін үздік оқыған оқу үздіктері марапатталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, биыл Алматы қаласы мектептерінің 474 түлегі жоғары марапат - "Алтын белгі" белгісіне ие болу құқығын растады, оның ішінде 423 қалалық мектеп түлегі және 51 республикалық мектеп түлегі (НЗМ, РФММ, Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мектеп-интернаты).
Марапаттау рәсіміне білім саласының ардагерлері қатысады. Сондай-ақ, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздары лайықты марапатқа ие болады.
Қала оқушылары 2023 жылы Халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 7 алтын, 11 күміс және 23 қола медаль жеңіп алғанын атап өту маңызды.
Салтанатты рәсім барысында түлектер шеруі, түлектер вальсі, мерекелік отшашу жоспарланған. Түлектер алдында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы Нүсіпова қатысады.
Шара 22 маусымда сағат 20:00-де Республика Сарайының алдында Абай атындағы алаңда (Достық даңғылы, 56) өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!