Алматыда үйсіз-күйсіз жүргендерге рейд өткізіліп жатыр: олар қайда жеткізіледі?

Алматыда үйсіз-күйсіз жүргендерге рейд өткізіліп жатыр: олар қайда жеткізіледі?
Фото: Видео кадры

Алматыда учаскелік полиция инспекторлары белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау бойынша профилактикалық рейд өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыл басынан бері "Пана" әлеуметтік бейімдеу орталығына 388 адам жеткізілген. Оның 54-і одан әрі көмек алу үшін орталықта қалған. Қалғандары тексерістен кейін ұсынылған көмектен бас тартқан.

Рейд барысында полиция азаматтардың кім екенін анықтап, ақпараттық есеп бойынша тексереді және қажет болған жағдайда тиісті көмекке бағыттайды.

"Учаскелік инспектордың міндеті көшеде жүрген адамды анықтаумен ғана шектелмейді. Оның қандай көмекке мұқтаж екенін түсіну және тиісті қызметтерге бағыттау маңызды", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget