Алматыда үйсіз-күйсіз жүрген 43 бала анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда балалардың құқықтарын бұзу деректерін анықтау, кәмелетке толмағандар арасында қараусыз және панасыз қалудың алдын алу мақсатында мүдделі қызметтер мен ведомстволар көмегімен "Жасөспірім және көше" жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Осы іс-шараның 3 күнінде ІІО-ға әртүрлі құқықбұзушылықтары үшін 398 жасөспірім жеткізілген. Оның ішінде қараусыз және панасыз қалған 43 бала бар. Олар балаларды қолдау орталығына орналастырылған.
"Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында 30 жасөспірім мен 32 тұрмысы нашар отбасы анықталды және есепке алынды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде болғаны үшін, түнгі уақытта балалардың ойын-сауық орындарына кіруіне рұқсат берген 36 лауазымды тұлға мен 333 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Жанна Шонжанова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!