Алматыда ұрлық жасалған сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленуші қылмыс туралы полицияға хабарлаған. Ер адам үйіне қайтып келе жатқанда, белгісіз біреулер оған күтпеген жерден шабуыл жасап, ұрып-соғып, қолындағы ноутбук пен ақшасы бар сөмкесін тартып алған. Күдіктілер ұсталды. Қарақшылық шабуыл бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Күдіктілер - 26 және 34 жастағы ер адамдар. Олар өз кінәларын мойындады. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазір күдіктілердің қаланың басқа да аудандарында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің басшысы Батуржан Абдумасаров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!