Алматыдағы әлеуметтік нысандар мен қала тұрғындарының үйлерінде жылу кезең кезеңімен 15 сәуірден бастап өшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс кеңесін өткізіп, онда жылыту маусымының аяқталуы, сондай-ақ алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты бастау мәселесі қаралды.
Қазіргі жағдай туралы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының, "Алматы жылу желілері", "Алматытеплокоммунэнерго", "Алматы электр станциялары", "Алатау Жарық Компаниясы", "Алматы Су", Алматы филиалы "ҚазТрансГаз Аймақтың" Алматы филиалы басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаевтың ақпараты бойынша, Алматы қаласында белгіленген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының +8⁰ және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, гидрометеорологиялық қызмет күнтізбелік бес күн ішінде тіркеген, сондықтан 2023-2024 жылы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.
Жылуды өшіру 15 сәуірден басталады әрі келесі тәртіппен кезең-кезеңімен өшіріледі: алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, мәдениет объектілері және басқалар, содан кейін тұрғын үйлер (тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер) және әлеуметтік нысандар (балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).
2024-2025 жылдағы жылыту маусымына дайындыққа 35 млрд теңге бөлінді, 2025 жылы қосымша 32 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
Алматыда барлығы 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!