Алматыда ұсталған ер адам полиция көлігінде өз-өзіне қол жұмсаған

Алматыда Жетісу ауданында ұсталған ер адам полицияның жедел-тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Алматы полиция департаменті өкілдері қазір 1980 жылы туған И. есімді ер адамның өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Ол досының Toyota автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған еді. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас күйінде болған", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!