• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Алматыда ұсталған блогерлер қамауға алынды

Алматыда ұсталған блогерлер қамауға алынды
Фото: Видео кадры

Алматыда ұсталған блогерлер екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бопсалауға байланысты күдікке ілінген блогерлерге сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді қалалық полиция департаментінің өкілі Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына.

Ұсталған блогерлер туралы не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұсталған блогерлер Дамир Көшеев пен Руслан Кәрімов екені белгілі болды.

Дамир Көшеев пандемия кезінде Instagram-дағы блогын бастаған, ол өзін саяхатшы ретінде көрсеткен. Кейінгі бір-екі жылда Көшеев Instagram-парақшасында шенеуніктер, полиция және прокурорлар туралы видеолар жариялап жүрді. Ол жуырда Алматыда қауіпсіздігі ең төменгі режимдегі колония мен бостандықта жүрген сотталушыны сынап, видео жариялады.

Бұған дейін Дамир Көшеев парақшасында Алматы полицейлерінің "айыппұл салу жұмыстарын күшейту" туралы ақпаратты рация арқылы бір-біріне таратып жатқаны жазылған видео жариялады. Кейінірек БАҚ Көшеевті Алматы прокуратурасының ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алғанын жазды.

Блогер Руслан Кәрімов Алматыда бөтелкедегі су қалай өндірілетіні туралы видеоларынан кейін таныла бастады. Сондай-ақ ол кішкентай мүгедектігі бар ұлы судан уланғанын жиі айтып жүрді.

Алматы полициясы блогерлерді 23 қаңтарда 10 миллион теңге алған кезде ұстады. Олар ақша бопсалады деген күдікке ілінді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова