Алматыда өзбекстандық белсенді Ақылбек Мұратов ұсталды. Мұны қалалық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Ақылбек Мұратов мемлекетаралық іздеуде жүрген. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы" Минск конвенциясы бойынша, Қазақстанның бас прокуратурасы Мұратовқа қатысты экстрадициялау туралы шешім қабылдап жатыр", - деп түсіндірді полиция.
Мұратов Қазақстанда 2010 жылдан бері тұрады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оған Өзбекстанда Қылмыстық кодекстің 159-бабы ("Конституциялық құрылысқа нұқсан келтіру") бойынша іздеу жарияланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!