Алматыда ұсталған адамды азаптаған полицейлер сотталды

Алматыда ұсталған адамды азаптаған полицейлер сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматыда полиция қызметкерлері ұсталған адамды азаптағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсталған азаматты азаптаған екі полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерді.  

Мән-жай

Бас прокуратура мәліметінше, 2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлері туысының пәтерінде жеткізілген азаматты бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаған. 

Сот үкімі

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.  

Үкім заңды күшіне енді.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget