- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда үшінші теміржол...
Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады
Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді. Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді, соның есебінен қалалық автожол инфрақұрылымының көлік жүктемесі азаяды.
"Жаңа теміржол платформасын салуға арналған аумақ "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ға тиесілі магистральдық желіде орналасқан. Вокзал Мәдениет шағынауданы маңында салынады. Платформаны "Қазақстан темір жолы" салады. Оның мерзімін 2026-2027 жылдар деп қарастырып отырмыз", - деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова