Алматыда Үшкемпіров көшесі аумағында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Алаша көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелді.
"Бұл аумақта жол жабынының жоғарғы қабаты төселеді. Көлік қозғалысын 20 тамыз сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына немесе қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін", - деді әкімдік өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!