Алматыда заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтау бойынша рейдтер өткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алмалы ауданында полиция қызметкерлері "Манхэттен", "Ақбұлақ" және "Кәусар" тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтау мақсатында рейд өткізген.
"Рейд барысында 71 жезөкшелер үйі әшкере болды. Заңсыз әрекетке үй берген пәтер иелері жауапқа тартылды. Бұл пәтерлерде тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған адамдарға да әкімшілік шара қолданылды", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова